«Жас ұлан» ұйымының жұмысының мақсаты қоғамдағы балалар ұйымының рөлін арттыру, мектептегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында мектебімізде 2018 жылдың 18 қыркүйек күні «Мектеп Ұланбасын» сайлау өткізілді.
Мектеп Ұланбасы болуға 8-10 сынып оқушылары өздерінің өтініштері мен дайындаған презентацияларын, арнайы жобаларын ұсынды. Үміткерлердің жобаларын тексеру үшін арнайы коммисия құрылды. Олар: директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасарлары Нуржанова Гульжазира Сейдуалиевна,Алиева Сурия Джамаловна және аға тәлімгер Кайсина Сания Сабитқызы
Сайлау комиссиясының белгілі тәртіптерге сәйкес шешімі бойынша 6 оқушының кандидатурасы өтті. Олар:
1.Тұрсынбай Мерей 8«А»
2.Жүзбай Аида 8 «Ә»
3.Жанысбек Бекзат 8« Ә»
4.Оралханұлы Альтаир 9 «Ә»
5.Сырлыбай Руслан 9 «В»
6.Қасен Тәңірберген 10 «А»
Сайлау 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен таңғы 10-00 ден 13-00 ге дейін ашық түрде өтті. Сайлау комиссиясы 3 адамнан құрылды. Олар 10 «А»сынып оқушысы Сарыбекова Назерке, 9 «Д» Кульдабаева Аружан және аға тәлімгер Кайсина Сания Сабитқызы.
Сайлау қорытындысы: Дауыс беру сағат 13-00 де тоқтатылды. Сайлау жәшігі Тәуелсіз сарапшылар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиева Сурая Джамаловна және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мурзасаимова Айсулу Тураровна, информатика пәнінің мұғалімі Жаксылыкова Амангул Амантайкызының қадағалауымен ашылды. Дауыс берген оқушылар саны 403.
Үміткерлердің дауыс иелену қорытындысы төмендегідей:
Үміткердің аты-жөні Сыныбы Пайызы
Мектеп Ұланбасы болып Қасен Тәңірберген болды.