Меню KDT

Новости

Главная Новости

ЖАҚСЫМЕН ӨТКЕН БІР КҮНІҢ - БАҚЫТТЫҢ МЫҢ КҮНІ

ЖАҚСЫМЕН ӨТКЕН БІР КҮНІҢ - БАҚЫТТЫҢ МЫҢ КҮНІ 
Бүгін 81 " Astana English school " мамандандырылған гимназиясының оқушылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері, "Жас тұлпар " сыйлығының тұңғыш иегері, əнші, актер, тележүргізуші, қазақтың біртуар азаматы Əлімжан Нұрлан Баянғалиұлымен кездесті. Əлімжан Нұрланның оқушылармен болған сырлы сұхбаты сəтті жəне əсерлі өтті. Ол кісінің қызу әңгімесі оқушыларға өмірге азық болар күш-қуат пен сергек көңіл-күй сыйлады. "Жақсының шарапаты тиеді" дегендей, Нұрлан Баянғалиұлының терең мағыналы сөздері оқушыларға ой салар сана мен адамгершілік сыйлағандай. Кездесуде оқушыларға жалқаулықты жеңудің бірнеше жолдарын атап қана көрсетпей, дәлелдеп те берді. Салиқалы ойларын салмақтап жеткізе білген Əлімжан Нұрланмен өткен бір сәтіміз есте мәңгі қаларлықтай, өмірімізге мәңгі азық боларлықтай дәрежеде болды. Оқушылардың өнеріне тәнті болған актер оларға шығармашылық табыс тілеп, дарабоздардың дарынын ерекше бағалады. Келелі кеңес, әуезді ән, салиқалы сұxбат бәрі бәрі бүгінгі кештің мәнін аша түсті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено