Бүгін 2018 жылдың 15 қыркүйек күні "Салауатты өмір салты - ұлт денсаулығының кепілі" атты денсаулық апталығы аясында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында күзгі кросс (500 - 1000м жүгіру) болып өтті. Дені саудың - жаны сау демекші бүгінгі шарада мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы денсаулық адамның еңбекке белсенді болуы мен ұзақ өмір сүруінің кепілі екендігін айтып өтіп, қатысушы оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.