С.Шәймерданов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Мен және мектеп» атты психология апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Мұғаліммен оқушылардың қарым-қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту, ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Апталық барысында мынадай іс-шаралар өтті: Үзілістегі қозғалмалы ойындар «Қауіпсіздік шұғыласы» суреттер көрмесі «Проективті әдістемелер» “Жарқын көңіл-күй сыйлаймын” акциясы «ҰБТ-ға дайындық» “Біздің мектепте болса деймін...” – тілектер мен ұсыныстар тақтасы “Барлық мамандық қажет, барлық мамандық керек.” -тренинг “Сенімжәшігі” – күні бойы “Менің сыныбым-менің үйім”,“Біз бақыттымыз егер...”, “Менің сыныбымосындай” тақырыптарында коллаж жасау. Жаңа келген және жас ұстаздарға психологиялық көмек Психологиялық тесттер бейнероликтер көрсету Ата-аналарға кеңес. «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА:ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты 1, 10-11 сыныптар үшін республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.