Меню KDT

Новости

Главная Новости

«ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА –АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ



Астана қаласы 15 мектеп-лицейінде 2018ж. 22.09. күні «ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы өтті.



Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету.
Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру.



Ата- аналардың басты міндеті – баланың оқуға деген ынта-ықыласын дамыту, оның тəртібін, жаңа білім мен дағдыны игеру барысындағы табандылығы мен дəйектілігін қалыптастыру жəне қолдау көрсету болып табылады», деп атап көрсетті мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы Жаркенов өз сөзінде.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено