Меню KDT

Новости

Главная Новости

Студенттерді жатақханаға орналастыруға 15 млрд теңге бөлінеді

Елбасы тапсырмасын орындау барысында министрлік жобаны іс жүзінде жүзеге асыруды бастау үшін белсенді дайындық жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда қаржыландыру сұрақтары шешілді. Қолданысқа берілетін жатақханаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін республикалық бюджеттің келесі үш жылдық кезеңіне арналған жобасына 15 млрд теңге қарастырылған. Студенттерді жатақханаларға орналастыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау тәртібі бекітілді. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін реттейтін заңға тәуелді актілер әзірленді. Нормативті актілер жобаларын талқылау мүдделі мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнес қауымдастығы өкілдері қатысуымен өтті.

"ҚР Білім және ғылым министрінің «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы», «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы», «2019 жылға арналған студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы», «Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрықтары мемлекеттік тіркелу рәсімінен өтті" - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Бұл нормативті актілер бірінші рет ресми жарияланған уақыттан 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді (бұйрықтар мәтінімен «Қаржы орталығы» АҚ сайтында танысуға болады - www.fincenter.kz). ҚР БҒМ барлық мүдделі тараптарды жобаны іс жүзінде жүзеге асыру аясында белсенді ынтымақтастыққа шақырады. Студенттік жатақханаларды салу бойынша оператор болып ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ белгіленді.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено