ФИРДАУСИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ҚЫЗДАРЫ ОРАМАЛДАРЫН ШЕШТІ Фердауси орта мектебінің бастауыш сыныбында оқитын қыздардың 100%-ы, жоғары сыныпта білім алып жатқан қыздардың 60%-ы орамалдарын өз еркімен шешті. Психолог мамандар олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген. Ал, заңға бағынбаймыз дегендердің үйлеріне барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мәлімдеді.