«Жарқын болашақ иесі – жас маман» тақырыбында жас мамандар мектебінің отырысы
Астана қаласы № 74 мектеп -гимназиясында ұстаздық жолын енді бастаған жас мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында
"Жарқын болашақ иесі- жас маман" тақырыбында жас мамандар мектебінің отырысы өтті. Жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу және әдістемелік көмек көрсету барысында мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Байтас Гүлшат Берікбаевна сөз алып, жас мамандардың еңбек жолына сәттілік тілей отырып, бекітілген тәлімгерлермен таныстырылды. Биылғы оқу жылындағы жас мамандар мектебінің жоспарымен бөлісті. Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана біліуін дамыту және кәсіптік -педагогикалық ерекшеліктерін , эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру мақсатында тренингтер жүргізілді. Ұстаздар ең алдымен жұпта ( туып-өскен жері, мектебі, отбасы, , мамандыққа келу себебі т.с.с.) танысып, бірін-бірі таныстырды.
"Ал сіз қандайсыз?" атты тренингте суретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағанын айту тапсырмасы берілді. Соның негізінде мінезіне қарай әркім өзі жайлы жаңа сырлар біле алды. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйрену керектігіне мән берілді. Жас мамандардың кез келген жағдаяттардан шығу мүмкіндігі мен жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында топтық жұмыста "Мұнара" ойыны жүргізілді.
Бұл кезең қатысушылардың ақыл-ойының шығармашылық ұшқырлығын көруге , көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік берді. "Бәрі өз қолында" бейнероликті дыбыссыз көру арқылы өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде жас мамандар өз білімі мен біліктілік дағдыларын жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру өз қолдарында екенін түсінді, шешім шығарды. "Болашаққа қадамым" парағын толтыру арқылы алдағы қадамдарын жоспарлады. Тренинг соңында шырақ жағылып, қатысшылар бүгінгі алған әсерімен, алғыстарымен бөлісті.