Меню KDT

Новости

Главная Новости

Cыңғырла, алғашқы қоңырау!

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018 – 2019 оқу жылы

Білім күні  – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Мектепке келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті. Өйткені бұл мектепте үшін барлық жағдай жасалған.  
          Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн.  

          Бүкіләлемдік Білім күні – бірінші қыркүйекті тарихта осылай атаған. Бүкіләлемдік, өйткені мектеп ең маңызды әлеуметтік институт, бұл күні балаларды да, ересектерді де бірлестіріп осы шараға жинайды.

Дәстүр бойынша біздің мектепте 1 қыркүйек күні - Білім күніне арналған  салтанатты шара өткізіледі. Жазғы демалыстан кейін балалар қайта мектепке салтанатты шараға жиналды. Сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен, ұстаздарымен кездескендеріне өте мәз. Мектеп директоры Сиванбаев М.С. жиналған балалар мен қонақтарды, мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мықты денсаулық пен оқуда табыс тіледі. Бірінші сыныпқа келген ең кішкентай оқушыларға дәстүр бойынша «Явленское МТС» ЖШС – дан кенсе тауарлары сыйға тартылды. 

Биылғы жаңа оқу жылы 10 бірінші сынып оқушылары біздің мектептің табалдырығын аттады. Бірінші сыныпқа келген оқушыларды ата –әжелері, ата - аналары құттықтап, шашу шашты.

Сонымен қатар салтанатты шараға он бірінші сынып оқушылары да қатысты, олар үшін Бірінші қоңырау соңғы қоңырау болып соғылды. Салтанатты шарадан кейін оқушылар өз кабинеттеріне бірінші сабаққа тарады. Биыл «Мен – өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаты өтті.

1 қыркүйек мерекесі әрқашанда көңілді және ұмытылмас мереке. Оқушылар мен мұғалімдерге жаңа шығармашылық табыс  тілейміз!!!

                                                                                                                     Дайындаған:  мектеп директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Садуп С.Б.







 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено