Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тіл байлығы – ел байлығы» атты тілдер апталығы

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылы
  2018 жылыдың  05.09– 14.09. күні аралығында «Тіл байлығы – ел байлығы» атты тілдер апталығы өтті. Апталықтың ашылу салтанатында А.Байтұрсыновтың туған күніне орай салайд сабағы жүргізілді. Сондай-ақ оқушылар апталықтың жоспарымен танысты.
            06.09.2018 жыл. «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» шығармалар байқауы өткізілді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша: 1-орын 6-сынып оқушысы Ақжолова Алина, 2-орын 10-сынып оқушысы Серғали Зухра, 3-орын 7-сынып оқушысы Абилмажинова Алсу жүлделі орындарды иеленді.
            07.09.2018 жыл. «Язык – душа народа» атты 8-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көтерілген міселе қызу талқыға түсті. 10.09.2018 жыл. «Қаһарман сөз қамал бұзады» атты 9-10 сынып оқушылар арасында мақал-мәтелдер сайысы өтті. Оқушылар өздерінің мақал-мәтелдерді жетік білетіндерін ортаға салды.Бұл сайысты 9-сынып оқушылары белсенділік көрсетіп жеңіске жетті.11.09.2018 жыл. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты 10-11 сынып оқушылары арасында брейнринг өтті. Оқушылар зеректігін, алғырлығын осы сайысты байқатты. Сайыс нәтижесі бойынша 11-сынып оқушылары жеңіске жетті. 12.09.2018 жыл. «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттарын әр сыныптың сынып жетекшілері өткізілді. Кей сыныптар слайд сабақтарымен тартымды өтті.13.09.2018 жыл. «Речевой этикет» викторина 5-7 сынып оқушылары арасында өтті. Бұл викторина сайысында 6-сынып оқушылары белсенділікпен жеңіске жетті. 13.09.2018 жыл. «Тартынбай сөйлер асылым»  атты  7-10 сынып оқушылары арасында интелектуалдық сайысы өтті. Оқушылар өздерінің  тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты.14.09.2018 жыл. «Тілге құрмет –елге құрмет» атты 5-11 сыныптар қатысуымен шығармашылық байқауы өтті. Өз шығармашылығымен керемет көзге түскен 7 – сынып оқушысы Жаныбекова Айнұр, 6-сынып оқушысы Болат Аружан, 6-сынып оқушысы Сәкен Жансая сыйлықтармен марапатталды.
       Апталық қорытындысы соңында пән мұғалімдері апталық барысында белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Апталық өз насихат сөздерімен аяқталды. Оқушылар жеңістеріне риза болды. Кештің соңы би кешімен аяқталды. Жалпы алғанда, тіл апталығы аясында өткен апталық өте жоғары деңгейде өтті.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено