Меню KDT

Новости

Главная Новости

Өз балаңа үлгі бол» атты бірінші республикалық ата-аналар конференциясы

«Тауағаш орта мектебі»
2018  - 2019 оқу жылы
«Өз балаңа үлгі бол» атты бірінші
республикалық ата-аналар конференциясы

8 қыркүйек күні мектебімізде ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының және Отбасылық тәрбие институтының   ұйымдастыруымен  Қазақстандағы Отбасы күні аясында 21-ғасырдағы қазақстандық ата-аналардың «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияның басты мақсаты – бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек беру және отбасы мен мектептің бірінші сынып оқушысын мектепке даярлау процесіне деген бірыңғай көзқарасын қалыптастыру. Республика бойынша дәстүрлі өткізіліп отырған бұл игі іс-шара біздің мектебімізде биыл бірінші рет  1-сынып ата-аналарының қатысуымен өткізілді. Аталмыш конференцияның шымылдығын мектеп директоры Сиванбаев М.С. ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының  құттықтау сөзімен ашты. Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Институның Бас директоры София Львовна Евдокимованың тілек сөзін бейнебаян арқылы ата-аналар назарына жеткізілді. Конференцияны мемлекеттік тілде жүргізілді. Бірінші бөлімде: «Бала үшін ең беделді адам – ата-анасы. Тәрбиенің бастау бұлағы да сол. Жергөктен басталатын осы тәрбие бала мектепке келгенде қоғамдық тәрбиеге ұштасады. Тәжірибелі педагогтардың айтуынша, дәл осы кезең – бала үшін психологиялық қиын кезең. Осындайда ата-ананың рөлі үлкен» - екенін тілге тиек етіп, ата-аналарға мектеп табалдырығын енді аттаған балалардың мектепке бейімделу үрдісі сәтті өту үшін қалай көмектесу керектігі жөнінде бірнеше пайдалы психологиялық кеңестермен бөлісті. Ата-аналарға психологиялық көмек ретінде әр тақырып шеңберінде видеоролик пен слайдтардан кеңінен материалдар көрсетілді. Әр бейне баяннан кейін ата-аналарымыз өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.

Екінші бөлімде: отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекеті арқылы  мектеп пен үй қабырғасында мейірімділік, сенімділік, өзара құрмет пен қызығушылық ахуалын орнатуға арналған практикалық жаттығулар ұйымдастырып, ата-аналарды пікір алмасуға шақырды. Конференцияда сөз болған мәселелер ата-аналар тарапынан талқыланды. Олар өз ойларын, ұсыныстарын конференция соңында жазылған пікірлерінде баланың жаңа ортаға тез бейімделіп, ортаға сіңісіп кетуінде ұстаздардың біліктілігіне сенетінін анық білдірді. Алдағы уақытта осындай алғы шаралар өткізіліп тұруын ұсынды. Соңында конференцияға қатысушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тілей отырып, кеңестер жазылған кітапшалар таратылды. Конференцияға қатысушылар бүгінгі басқосудың пайдалы және мазмұнды болды деген оймен тарасты.

                                                                                                    Дайындаған: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садуп С.Б.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено