Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасының маңыздылығын ескере отырып 10-11 сынып ата-араларымен 9–ші қыркүйек 2018 жылы Тауағаш орта мектебінің ғимаратында Республикалық конференция өтті. Конференция сағат 10 да басталды.Қатысқандар: мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері және 10-11-ші сынып ата-аналары. Конференцияның өтуіне жауапты мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары С.Садуп, техникалық ақпаратқа жауапты Тауағаш орта мектебінің лаборанты А.Жанабекова.
Конференция бағдарлама бойынша өтті, ата-аналардан сауалнамалар алынып, кітапшалар таратылды. Барлық ақпарат айтылып таратылды. Конференцияда сөз болған мәселелер ата-аналар тарапынан талқыланды. Олар өз ойларын, ұсыныстарын конференция соңында жазылған пікірлерінде баланың жаңа ортаға тез бейімделіп, ортаға сіңісіп кетуінде ұстаздардың біліктілігіне сенетінін анық білдірді. Алдағы уақытта осындай алғы шаралар өткізіліп тұруын ұсынды. Соңында конференцияға қатысушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тілей отырып, кеңестер жазылған кітапшалар таратылды. Конференцияға қатысушылар бүгінгі басқосудың пайдалы және мазмұнды болды деген оймен тарасты.
Дайындаған: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садуп С.Б.