Меню KDT

Новости

Главная Новости

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» ҮШІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«Тауағаш орта мектебі» КММ
2018 – 2019 оқу жылы
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол»
ҮШІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Тауағаш орта мектебінде «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 22 қыркүйек күні 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек беру республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.
            Конференцияның модераторы – мектеп директоры ашып ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтап, конференцияның маңыздылығын атап көрсетті. Мектеп директоры Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын тыңдауды ұсынды.               Келесі кезекте Отбасы тәрбиелеу институтының директоры Евдокимова София Львовнаның «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына үндеу бейне ролик арқылы тыңдалынды. Жиналыс модераторы сөз кезегін Конференция жүргізушісіне Сания Бериковнаға ұсынды. Конференция жүргізушісі жасөспірім жастың псиxо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы жайлы ақпарат берді. Осы тақырыптар төңірегінде пікірлесіп, сұрақтарға жауап берілді. Сания Бериковна жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар және жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын – алу шаралары жайында ақпарат берді. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу, әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті екенін атап көрсетті. Конференция барысында қатысушы ата-аналар тәжірибемен бөлісіп, сұрақтарға жауап берілді.
            Конференция соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

                                                                                                                     Дайындаған: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Садуп С.Б.



 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено