Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама «ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
- Сыртқы беті:
- фото (5х6),
- тегі, аты, әкесінің аты,
- диплом бойынша мамандығы;
- жұмыс орны, атқаратын қызметі;
- білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,
- үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша);
- жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі;
- білімі туралы диплом көшірмесі;
- ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
- алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша).
Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну:
- педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау;
ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар;
- әдістемелік кеңестің, әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
кері байланыс жұмысының материалдары:
- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)
- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,
- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да;
- оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері
- Басылымдар (таблица түрінде)
№ | Мақала атауы | Басылым атауы, күні, № жылы |
| | |
- Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде)
№ | Жұмыс атауы | Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б. | Сынақ нәтижесі | Күні |
| | | | |
- Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер- сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (таблица түрінде)
№ | Шаралар | Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде | Дәлелдейтін құжаттар | Күні |
| | | | |
- Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде)
№ | Пән | Тақырып | Сынып/топ | Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер | Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі | Күні |
| | | | | | |
- Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде)
№ | Қызмет мазмұны | Дәлелдейтін құжаттар | Сынып/топ | Сараптама қорытындысы | Күні |
| | | | | |
- Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде)
№ | Пән | Шаралар | Нәтиже | Дәлелдейтін құжаттар | Күні |
| | | | | |
- Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде)
№ | Пән | Сынып/топ | Сараптау түрі | Нәтиже (білім сапасы) | Күні |
| | | | | |
- Кері байланыс нәтижелері ( сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде)
№ | Бағалауға қатысушылар | Бағалау пәні | Сараптау түрі | Сараптау жұмысының нәтижесі | Күні |
| | | | | |
Ескерту: №7 тараудан басқа тараулар соңғы 5 жыл көлемінде жасақталады