Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында кадет сыныптарына түсіндірме жұмыстары өткізілді

Бүгін, яғни 24 қыркүйек күні Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында "Құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында кадет сыныптарына арналған мектеп инспекторы Ержан Закишевтің, кадет сыныбының әскери жетекшісі Сейілхан Үйсінбековтің, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ускенбаеваның қатысуымен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Құқықбұзушылықтың алдын алуда Заңның 434,435-бапта айтылған ұсақ құқықбұзушылықтар (мектеп қабырғасына сурет салу, қабырғаны тебу, жаман сөздер айту, қоғамдық орындарда шемішке шағу т.б), 441-баптағы көшеде шылым шегу, 440-баптағы ішімдік ішпеу, 442-баптағы түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жалғыз жүрмеу (көшеде, ойын-сауық орындары, түнгі клубтарда) және сабақты 10 күннен аса себепсіз босатпау керек екендігі, оқушылардан заңсыз ақша жинау да қылмыс болып саналатындығы туралы да оқушыларға нақты түсіндірілді. Түсіндірме жұмысы темекінің, есірткінің, спайстың зияны туралы бейнероликпен жалғасын тапты. Мектеп оқушылары үлгі тұтатын, тәртіптеріне сақадай сай тұратын кадет сыныптары үшін бұл түсіндірме үлкен сабақ берді деген ойдамын.
На данном изображении может находиться: 2 человека, люди сидят и в помещении
На данном изображении может находиться: 7 человек
На данном изображении может находиться: 1 человек, в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, в помещении

На данном изображении может находиться: один или несколько человек
 На данном изображении может находиться: 6 человек


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено