Меню KDT

Новости

Главная Новости

«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» ата-аналар конференциясы

Қазақстанның «Отбасы күні» қарсаңында мектебімізде «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбы аясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» ретінде, Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Аталмыш конференцияда ата-аналарға психологиялық көмек ретінде әр тақырып шеңберінде видеоролик пен презентациялар кеңінен көрсетілді. Әр бейне баяннан кейін ата-аналарымыз өз пікірлерін ортаға салып, талқылады. Конференцияға 1,10,11-сынып ата-аналары қатысты. Мектеп психологы А.А. Ташкина баланың мектепке дайындығы туралы ақыл-кеңестер беріп, сауалнама жүргізді. 
Мектеп табалдырығын аттау баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Балаға жаңа жағдайға бейімделуге қалай көмектесу керек? 
Конференцияда осы мәселелер жан-жақты талқыланып қана қоймай, ата-аналар көкейінде жүрген сан сауалдарға жауаптар беріліп, ортаға түскен ұсыныстар назарға алынды.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено