2018 жылдың 9 қыркүйек күні Қазақ мектеп гимназиясында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек атты республикалық конференция өтті. Конференцияны мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен бастады. Конференцияға 100 ата-ана қатысты. Конференцияны «Рух» орталығының директоры, психолог Р.С.Баймухаметова және мектеп психологы А.К.Байтенова жүргізді. Мектепке кіре берісте сынып жетекшілер өз ата-аналарын тіркеуден өткізіп, қолдарына жадынама кітапшалары, сауалнама таратты. Конференция өз деңгейінде өтті. Ата-аналар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін жазып, конференция туралы бейнетаспаға өз ойларын қалдырды. Конференция ұйымдастырушыларына және конференция жүргізушілеріне алғыстарын айтып жатты.