2018 жылдың 22 қыркүйек күні Қазақ мектеп гимназиясында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек атты республикалық конференция өтті. Конференцияны директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Е.Сералина Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен бастады. Конференцияны мектеп психологы А.К.Байтенова өткізді. Конференцияға 217 ата-ана қатысты. Мектепке кіре берісте сынып жетекшілер өз ата-аналарын тіркеуден өткізіп, қолдарына жадынама кітапшалары, сауалнама таратты. Конференция өз деңгейінде өтті. Ата-аналар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар өз пікірлерін жазып, конференция ұйымдастырушыларына және конференция жүргізушілеріне алғыстарын айтып жатты. Конференция соңында ата-аналармен қосылып, «Сен маған сүюді үйреттің» әнімен тамамдадық.