Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ерлан Сағадиев Айшолпанға қалаған университетіне түсуіне көмектеспек

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев моңғолиялық бүркітші қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен кездесті. Жиында Айшолпанның білімін Қазақстанда жетілдіру мүмкіндігі талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Жиында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте Айшолпанды елордадағы Кембридж бағдарламасымен оқытатын «Spectrum» халықаралық мектебінде екі жыл академиялық деңгейі жағынан және тілдік жағынан дайындап жатқандарын айтты. «Біздің мақсатымыз — өзі шақырту алған Оксфорд жəне Гарвард университеттеріне дайындап, сол жаққа оқуға түсіру. Биыл қыркүйектен бастап Айшолпанды екі жыл бойы жан-жақты дайындаймыз. Соған біз «Білім-Инновация» қоры атынан 20 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөліп отырмыз. Айшолпан 12-сыныпқа көшуі тиіс, соны ол бізде оқиды. Негізі бір жыл жетеді. Бірақ қандасымыз өзі екі жыл дайындалғым келеді деген соң біз келістік. Айшолпанның бэкграунды өте мықты, ол қалаған университетіне түсе алады. Тек қана тілдік деңгейі мен академиялық қабілетін арттыру керек. Бұған ата — анасы келісіп отыр. Оны жатақханамен қамтамасыз етеміз» деді ол. Ерлан Сағадиев те бұл ұсынысты қолдайтынын, өзінің де Гарвард университетінде оқығанын айтты. Министр Гарвард сияқты шетелдік білім ордасына жақсы дайындық керек екенін жеткізді.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено