2018 жылдың 21 қыркүйек күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары 7 телеарнада өтетін «Өз ойым» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. «Әйелдер дөңгелекті басқарады» тақырыбы өте қызықты талқылауда болды. Оқиға орнынан түсірілген бейнелерді әйелдердің қатысуымен көргеннен кейін, тікелей эфирдің қонақтары мен мектеп оқушылары арасында қызықты пікірталас өтті. Сөз сөйлеген әр қонақ өз ойында қалды. Осындай тікелей эфирлер оқушыларды мәселенің түп-тамырымен танысып, ойын ашық білдіруге үйретеді.