Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 06.09-14.09.2018 аралығында өткен «Отбасы- бақыт мекені» атты апталық

Қыркүйек айында «Отбасы күніне» арналған апталық ұйымдастырылды. 
Аптаның алғашқы демалысында мектеп директорының ұйымдастырумен мектеп психологтары қатысуымен Республикалық «ХХІ ғасыр ата- ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата- аналар жиналысын өткізді. Ата- аналармен бүгінгі таңдағы өзкеті мәселелер туралы айтылып, шешімін бірлесе шешті.  
Бастауыш сынып оқушылары арасында «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты  отбасы белгісінен көрме өтті.  
5-7 сынып арасында «Шаңырағым-шаттығым» атты өнерлі отбасылар арасында байқау ұйымдастырылды. Ең өнерлі отбасы боп, Оспановтар отбасы (6 «а» сынып жетекшісі Байзирова А.Е.) мен Башковтар отбасы (7 «б» сынып, жетекшісі Ерденова А.Б.) анықталды.
Мектеп спорт залында «Мықты отбасы – берік Мемлекет»  айдарымен  8 сынып (жетекшілері Махамбетова Л.К., Исаева М.Қ) ата- аналарының қатысуымен көңілді старт сайысы өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысты. Жылдамдықты, мергендікті, шапшаң әрі ұкыпты қозғалысты сыныайтын түрлі жарыстар ұйымдастырылды. 
9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ»   атты қабырға газеттері шығарылды. Барлық сынып атсалысты. Газеттер тақырыбына мазмұны сай жасалынды.
Бастауыш сыныптар мектеп ауласына асфальтқа сурет салу жұмысын өткізді. Бәрі де отбасына арналды. Отбасының құндылығы мен қасиеті әр жұмыстан оқушы бойын жақсы үлгі қалыптастырды деп ойлаймыз.
7-9 сыныптар қатыстырылуымен «Отбасы- бақыт мекені» атты флешмоб өткізілді
15.09.2018ж Мектеп акт залында тұрмысы төмен отбасыларға «Жақыныңа жәрдемдес» атты көмек ұйымдастырылды. Акция туралы алдын ала хабарландыру жасалынды. Киім- кешек, тамақ, оқу құралдары жиналып, ата- аналардан құрылған комиссия мүшелері жиналған заттарды есептен, тұрмысы төмен отбасыларға бөліп берді.

 

       








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено