Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Қауіпсіз мектеп» акциясы

Мектебімізде қыркүйек айының басында 1 – 8 сыныптар оқушылары үшін «Жол қозғалысы ережесі», «Өмір қауіпсіздігі негіздері» сабақтары жүргізілді.   Жол қозғалысы ережесі сабағынан балалар көше қозғалысы мен жаяулар өтпесі туралы білім алады. Әр сыныпта құрылған топ, сынып бұрышында арнаулы бөлімше бар. Топ мектепішілік өткізілетін іс – шараларға атсалысады.

        

  • «Қозғалыс ережесінің білгірі» сайысы,
  • «Көңілді бағдаршам» газеті,
  • «Жол қозғалысының үгіт – насихат жұмысы» сайысы,

       Өмір қауіпсіздігі негіздеріне  арналған журналдағы қауіпсіздік ережелері толығымен таныстырылып,   оқушылар қолдары қойылды.  Сабақ үстіндегі қауіпсіздік, оқу қабинеттеріндегі қауіпсіздік пен көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Сонымен қатар,  технология мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері өз кабинеттері мен  спорт залдарындағы техника қауіпсіздігімен де оқушыларды таныстырды.

Тосын жағдайларға байланысты әрекеттер, телефон қоңыраулары мен мектеп ғимаратынан шығар есіктермен таныстырулар өтеді. Өрттің алдын алу, өрт ортасында қалған жағдайда, өртеніп жатқан үйдің жанынан өткенде не істеу керегі қарастырылады. Көктемгі, күзгі мерзімде мұздың жұқа қатқан уақытында судың адам өміріне қауіпі туралы баяндалды. Мұзға шығып кеткен уақытта, мұз шатынап адам өміріне қауіп төнген уақытта қалай іс - әрекетке бару керегі жөнінде де айтылады. Мұзтайғақ кезіндегі көше қиылыстарынан өту қауіпсіздігі де қамтылады. 

 

Ұсыныс:

  1. Жол қозғалыс ережелері бойынша ұйымдастырылатын іс – шараларға сыныптардың толық қатысуын қадағалау.
  2. 9 сынып оқушысының жеңіл көлікке соқтығысу салдарынан болған жағдайды оқушыларға таныстырып, осындай жағдайдың болмауын қадағалау; «Есіл» ауданы әкімдігіне автобус тұрағына жер белгілету туралы хабарлама жасау.

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено