«Мектепке жол» акциясы
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын үстіміздегі жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өткізу туралы Астана қаласы Білім басқармасының 2018 жылғы 24 шілдедегі №415 бұйрығын негізге ала отырып «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары әзірленді. Балаларды мектептегі оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету жұмыстары балалардың жылдық есебі туралы мәліметті бақылауға алу жұмыстарына жауапты ретінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары А. Сағындықова бекітілді. Мектеп жасындағы балаларды есепке алып, рейд барысында мектепте оқуын әрі қарай жалғастыруы бақыланып, мектеп бітірушілерге ерекше көңіл бөлінді. Негізгі мектеп бітірушілердің оқуын жалғастырып жүрген жерінен растаушы құжаттарын жинау шаралары ұйымдастырылып директордың орынбасары Ғ.Қ.Ысмайыл бақылауға алды.
Акция шеңберінде «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, демеушілер, ҮЕҰ, ата-аналар қоғамдастығы және т.б. кеңінен тартылып, көпбалалы, азқамтылған, жайсыз, толық емес отбасы балаларын, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, девидиантты мінез –құлықты, тәуекел және осал топтағы балалардың тұрғылықты жері бойынша оқумен, әлеуметтік көмекпен қамту жұмысы жүргізіліп әлеуметтік педагог Г.Смагулова акцияның жүргізілуі туралы аралық ақпаратты 1 тамыздан бастап әр 10 күн сайын (8 тамыз, 18 тамыз, 28 тамыз, 8 қыркүйек, 18 қыркүйек, 28 қыркүйекке дейін) 28 қыркүйекке дейінгі мерзімде тапрсырып және жүргізілген жұмыс туралы толық ақпарат есебін (мәтіндік және цифрлық ақпарат, фото-бейне құжаттар) жасады.Сонымен бірге мектеп оқушыларының, ата-аналардың, мұғалімдердің өтініштерін жедел қарастыру мақсатында «Сенім» телефондары, шұғыл желілер жұмыстары ұйымдастырылды.
1- ші тамыз бен 30- шы қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1-қыркүйекке мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен мектебімізде акция ұйымдастырылды.
Акция мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау және толық емес отбасыдан,көп балалы отбасынан шыққан аз қамтамасыз етілген оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу жұмыстары жүргізілді. 15 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілсе,42 оқушы мектеп құралдарымен т.б киім кешектер таратылып, демеушіліктің көмегімен 9 оқушы мектепке қажетті құралдармен қамтамсыз етілді.



