1 қыркүйек «Білім» күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны
1 қыркүйек «Білім» күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиыны Бүгін, 2018 жылдың 1 қыркүйек күні № 61 орта мектебінде Білім мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жаздың қызықты думанын өткізіп, алтын ұя мектебіне оралған оқушылар мәре-сәре болып, ұстаздарымен қауышты. Биылғы жыл еліміздің бас қаласы Астанамыздың 20 жылдығымен есте қалды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәңгілік ел құндылықтары әрі қарай жүзеге асуын жалғастыруда. Мектеп директоры Жангазакова Кенжесары Апсейтовна атаулы мерекелердің маңыздылығы мен құндылықтарына тоқталып, білім күнімен құттықтады. Барша білім алушы шәкірттерімізге ақ жол тілейміз!