Кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. 22 қыркүйек №81 "Astana English school" гимназиясының ұжымы, ата- аналары, оқушылары жалпы қалалық сенбілікке ат салысып қатысты. Мектеп ауласын тазартуға ерекше көңіл күймен жұмыла кіріскен оқушылар мен ұстаздар, ата -аналар аз уақыттың ішінде айналаны тазартып шықты. "Атадан мал қалғанша тал қалсын" демекші, мектеп ата -аналары балаларымен бірге қолдарына күрек алып, ауланы көріктендіруде тал отырғызды. Бүгінгі сенбілікте ата -аналар, мектеп ұжымы ерекше ыждаһаттылықпен жұмыс істеді. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Сенбілік соңында флешмоб ұйымдастырылды. Мектеп ата -аналары алдағы уақытта осындай игі шараларға белсене қатысамыз деген ниетпен тарқасты. Шараға белсене қатысқан мектеп ұжымына, оқушыларға, ата -аналарға үлкен алғыс білдіреміз.