Биылғы жылы біздің мектепте 10-13 қыркүйек аралығында отбасы күні өткізілді. Мемлекетіміздің Елбасы « отбасы, балалар, отбасы құндылықтары мен дәстүрлері біздің қоғамымыздың және мәдениетіміздің негізі болып қалады». Жанұя – әр адам үшін ең маңыздысы. Бұл – біз үлгі алатын, қамқорлық көрсететін, мейірімділік пен бақыт шуағын сыйлайтын адамдар. Барлығы да жанұядан басталады. Бала өз жанұясын мақтан тұтса, өмір қиындықтарынан қорықпайды. Отбасы күніне орай 1-ші сынып оқушылары арасында «Мен және менің жанұям» фотобайқауы өтті. Өткізілген барлық іс-шараларға оқушылар белсенділік танытып, қатысты. Ең үздігін біз таңдай алмадық, себебі әр жанұя шығармашылықпен тапсырманы орындады, сондықтан достық жеңді!