12 қыркүйек күні гимназияның спорт залында 3-ші сынып оқушылары арасында «Әке, ана, мен – спорттық жанұя!» эстафетасы өткізілді. Іс-шара отбасы күніне орай өткізілді. Топтар сүйікті ертегілер саяхатына шығып, көптеген тапсырмаларды орындады. 1-ші орынға 3 «Б», 3 «Е» сыныптары, 2-ші орынға 3 «Д», 3-ші орынға – 3 «Г», 3 «В» сыныптары ие болды. Қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Жанкүйерлер өз топтарын қолдады. Жарайсыздар!