28 қыркүйек 5 «Ә» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Бұл сынып сағатына оқушылар әжелері мен аталарын шақырды. Балалар концерт көрсетіп, өз қолдарымен жасалған сыйлықтарды ата-әжелеріне сыйлады. Қарттардың сөзі балалар үшін өте маңызды, сондықтан оқушылар сұрақтарды қойып, ақыл-кеңес сұрады. Оқушылар түрлі сұрақтар қойды: Қазіргі таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме Сізді? Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз? Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар? Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз? Әңгіме өте қызықты болды, балалар өз сұрақтарына мазмұнды жауап алды. Соныңда ата-әжелер өз батасын беріп, оқушыларға жақсылық тіледі.
Ата-апаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-апаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз.