Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қарттарым-асыл қазынам!

Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991-ыншы жылғы 1 қазанда негізінде жыл сайын атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990-ыншы жылғы желтоқсанның негізінде жыл сайын атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.

Асылында бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған,ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Осыған орай,біздің мектебімізде де Қарттар күніне ұстаздар мен оқушылардың көмегімен мерекелік шаралар өткізілді.

Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген.

                                                   Қарттарым, аман-сау жүршi

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено