"МЕКТЕПІШІЛІК ҰЛАНБАСЫ" САЙЛАУЫ
Мектепте тәрбие жұмысын қалыптастырып, дамытуда оқушылардың "өзін-өзі басқару" ұйымы үлкен рөл атқарады. «Ұланбасы» – «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
Ағымдағы жоспарға сәйкес 01 қазан күні №81 "Astana English school" гимназиясында «Жас Ұлан» мектеп комитетінің Ұланбасының сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді. «Ұланбасы» сайлауына 4 үміткер қатысты. Олар: Кульдиков Бахтияр 10 "А" сынып оқушысы, Қойгелді Бегімай 10 "А" сынып оқушысы, Мұрат Амира 9 "Ә" сынып оқушысы, Байдұлда Шұғыла 9 "Ә" сынып оқушысы. Сайлауда гимназия оқушылары мен барлық мектеп ұстаздары, қызметкерлері дауыс берді. Гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы Ұланбасылыққа үміткер оқушыларға ізгі тілек тілеп, ұланбасылық қызметтің жауапкершілікті талап ететінін, сайлаудың әділ болуын баса айтып өтті. Дауыс беруге таңертең ертемен сағат 07.00-де келген Палаева Диана 5 "В" сынып оқушысы, Асылбек Нұрлыбек 2 "А" сынып оқушысы, Палаев Руслан 2 "А" сынып оқушысы, Асқар Ерали 5 "В" сынып оқушысы, Ермек Арайлым 6 "В" сынып оқушысы, Жакупова жанель 7 "А" сынып оқушысы, Сакенұлы Ислам 10 "А" сынып оқушысы, Иманмадиев Нұрмұхамед 2 "А" сынып оқушысы, Иманмадиев Нұрлан 8 "Ә" сынып оқушысы, Асылова Адема 6 "Ә" сынып оқушысы, Дәуренбек Нұрила 6 "Б" сынып оқушыларына сыйлықтар табысталды. Сайлау қорытындысы бойынша 695 дауыс беріліп, басқа үміткерлерден жоғары 333 ұпай жинаған 10 "А" сынып оқушысы Кульдиков Бахтияр гимназия Ұланбасы болып тағайындалды. Бахтиярды барлық гимназия ұжымы, оқушылары атынан құттықтап, алдағы күнде өзі ұсынған бағдарламаларының жүзеге асуына күш салып жұмыс істейтініне сенім білдіреміз.