Меню KDT
kz ru en

введите текст

Келе жатқан Ұстаздар күні құтты болсын!



https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/videos/10212287714244259/





1. Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

«Ұстазым» әні орындайтын Наурызғалиева Сымбат.
2. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын жырлағандай, сөзі маржан, үні ән, ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Ән:«Мейірбан ұстаздар»орындайтын Жаленова Айғаным, Өзбекова Аяжан
3. Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен - тегін айтылмаса керек. Ата - анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
ӘН: « Асыл Ұстаз» орындайтын Ахметқали Шерхан
4. Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Н. Байғаниннің әні: «Еңбек туралы жыр»орындайтын Жанұзақова Ақбаян.
5. Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.
Сақтапбергенова Аружанның орындауында Құрманғазы
«Ақсақ киік»
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.
6. Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН: «Аяулы мектебім» орындайтын Өзбекова Аяжан
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М - маман
7. Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: « Нағыз ұстаз» Өзбекова Аяжан, Жаленова Айғаным
8. Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Халық әні: «Саулем - ай» орындайтын Әбдірашева Динара
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц62
  • За неделю13
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн0