№38 мектеп лицейінде 1,2 қазан күні «Балалар жол көлік апатына қарсы!» акциясына байланысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сагитованың жетекшілігімен жоспар құрылып, әр шараның мақсат міндеттері анықталды. Акцияға барлық сыныптар жұмылдырылып, белсене қатысты.
Акцияны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сагитова, ұйымдастырушы педагог Ж.Орал, Астана қаласы, Алматы ауданы, ІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры, мектеп инспекторы Д.Н.Рамазанов пен «Жас жол сақшылары» үйірмесінің және 7 «В» сынып оқушылары ашып, мектепке балаларын көлікпен алып келетін ата-аналарды күтіп алып, оларға "Жылдамдықты асырма", "Жол белгілерін жадыңда ұста", "Жол ережесін сақта!", "Телефонға алаңдама!", ""Өз өмірің өз қолыңда!", "Баланы қорғау - әр адамның міндеті", "Жол ережесін сақтағаның-өміріңді сақтағаның" деген үндеухаттар таратты.