Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ш.Рахлетова және мектеп инспекторы Д.Рамазановпен «Жүргізуші! Асықпа! Абайла! Тоқта!» және "Сіз де ата-анасыз ғой!" деген ұранмен лозунглер ұстап, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп, жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жолда жүргенде абай болуға шақырды. Оқушылар бұл әрекеттері арқылы жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өмірі қымбат екендігін автокөлік иелеріне бір түсіндіріп өткендей болды.