"Балалар жол көлік апатына қарсы!" атты қалалық акциясында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің 6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі М.Ахметовамен «Біз өмірге сенеміз!» тақырыбында бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерге тарату арқылы жұртшылықты жол көлік апатынан сақтануға және өз қатарластарын жолда болатын әр түрлі қауіптерден аса сақ болуға шақыра отырып, әр адамның өз өмірі, өз қолында екенін өз пікірлері арқылы жеткізді. Түсірілген бейнероликті барлық сынып БАҚ министрлері ата-аналарға whatsApp желісі арқылы таратты. (видеоролик тіркелген)