Саяхат сабақ «Жол жүру белгілерін білеміз бе?» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сайыспен жалғасын тапты. Сайыс барысында оқушыларға жол ережелері жайлы сұрақтар қойылып, сұрақ-жауап алынды. Дұрыс жауап берген оқушыға қалыптастырушы бағалау түрі жүргізілді. Мектеп инспекторы белгілер бойынша жауаптың дұрыс-бұрысын анықтап, қосымша ақпарат беріп отырды.