"Өз балаңа үлгі бол" Республикалық ата - аналар конференциясы.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгені мәлім. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы бір қанатты сөз бар. Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым отбасы екендігін бәріміз білеміз.
Мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау мақсатында 8-9, 22 қыркүйек күндері Астана қаласы №42 орта мектепте ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға мектеп әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясы өкілі Қоразова М.Ә, мектепішілік қамқорлық кеңесінің өкілі Оспанова Б.Б. және оқушылардың ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Конференцияны модератор мектеп директоры Калиев Серик Сабырбекович ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен ашты. Әрбір ата-анаға баланы дұрыс тәрбиелеу үшін психологиялық көмекті қалай беру туралы нұсқаулар таратылып, сауалнама алынды. Мектеп қабырғасында және үйде сәтті бейімделуіне ата-анаға және ұстаздарға сенім, сый-құрмет пен тығыз өзара байланысты күшейтуге кеңестер берді. Сондай-ақ, психолог балаға жағымды көңіл-күй тудырудың, өзінің уақытын, күш-жігерін тиімді пайдалана білуге бірлескен жұмыстың тиімді болатынын айтып өтті. Конференцияға мектебіміздің 1-ші, 5-7, 10-11 сыныптардан 180 ата-ана қатысты.
Шара соңында, ата-аналар бұл конференцияның өте әсерлі болғанын, қажетті мағлұматтарды білгенін айтып, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.