Мақсаты: Оқушылар арасында сүйіспеншілік, мейірімділік құндылықтарын арттыру.
2018 жылдың 3 қазанында Қазақ мектеп гимназиясында «Жан жылуы» тақырыбында қайырымдылық концерті өтті. Іс-шараға үйде оқытылатын 5 сынып оқушысы Хасетова Аружан шақырылды. Аружан әкесі Уалихан Хасетұлымен келді. Аружанның сыныптастары және 6 сынып оқушылары қолдан жасалған сыйлықтар, шарлармен қарсы алды. Іс-шара барысында концерт ұйымдастырылып, оқушылар би билеп, Аружанға өз тілектерін білдірді. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Айнагүл Жакенқызы Альмишева және өзін-өзі тану пәні мұғалімдері. Іс-шара соңында оқушылар естелік фотоға түсіп, Аружан өз ойын, тілегін білдірді.