Баян жалпы орта білім беру мектебінде 2018-2019 оқу жылының басталуы Алғашқы қоңырау салтанатымен ашылды.Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Сұрағанов А.Қ. бастап оқушыларға алдағы оқу жылында сәттілік тіледі. Бүгінгі салтанатты іс-шарада ауданнан келген экономика және қаржы бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы Молдагалиев Бауыржан Сейдашович құрметті қонағы болды. Салтанатты іс-шара аяқталған соң "Мен - өз елімнің патриотымын" атты сынып сағаты өтті.