Меню KDT

Новости

Главная Новости

Елбасы Жолдауы

Бүгін, 5 қазан 2018 жылы «Парасат» мектеп-лицейінің ұжымы  "Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру міндеттеріне арналған"  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауын 53 адам тыңдадық.  
Жолдау ағымдағы  жылда елімізде атқарылған жұмыстардың жетістіктері мен кемшіліктерінен басталды. Халық саны 18 млн – ға жетіп, өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жеткендігі атап өтілді. Елбасы қамтымаған салалар болмады. Жолдауда білім беру мәселесі бойынша сөз қозғалғаны аса қуантты. Атап айтатын болсақ, еліміздің барлық мектептері Назарбаев Зияткерлік мектептерімен теңестіріліп, қажетті жабдықтармен жабдықталуы, іс – тәжірибелерімен бөлісулері жайлы сөз қозғалғаны көңілден шықты. «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп айтылды. Қызметкерлер үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау тиіс деген Елбасының құнды сөздері біздің бойымызға қуаныш ұялатты.  Сонымен қатар бұған дейін қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Өз еліңді танып, біл», «Ауыл - Ел бесігі», «Сарбаз» әскери -патриоттық жобаларды қолға алуды бұйырды. «Өз жеріңді танып, біл» туристік бағдарламасы негізінде өңіріміздің Бурабаймен теңдес Шалқар көлін туристік орталыққа айналдыру мүмкіндігінің туатындығы бізді қуантты.
Біз баршамыз бірізді Елбасының бастамаларын қолдай отыра, жолдауды іске асыруда күш жігерімізді саламыз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено