Меню KDT

Новости

Главная Новости

Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат.

Білім тәрбие арқылы беріледі

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан.

Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі білім тәрбие арқылы беріледі.

Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса, білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл – өте маңызды. Сол себепті де отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша.

Әрине, әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Сыйластық, түсіністік, зор жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено