Қарттар күніне орай Озерный орта мектебінде "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбымен үлкен концерт өтті. Мектеп оқушыларының өнерін тамашалаған ата-әжелер алғысын айтып, ауыл имамы мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қонақтарға дастарқан жайылып, сый-сияпат жасалды. ТІМ: Магнаев Б.Ж.