Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің іс-шаралары туралы мәлімет. Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды. Жалпы 5 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында – «Тілден биік асқар жоқ,Тілден асқан байлық жоқ » атты Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі айлығы деп жарияланды. Осы мерекеге « № 46 балабақша – мектеп –гимназия» кешені» ұжымы үлкен жауапкершілікпен қарап, өз үлесін қосты. Алдымен әдістеме бірлестік жетекшілерімен, тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасарымен бірге отырып жоспар құрылды. Құрылған жоспар кешен басшысы Байзулда Г.Ж. ұсынылып, қарауына беріліп, бекітілді. Біздің мектепте өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Жоспарланған іс-шаралардың мақсаттары: оқушыларға өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектептің неміс тілі, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын, француз тілі мұғалімдерінің басшылығымен белсенді түрде жұмыс жүргізіліп, төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды. 14.09.18 6а-6в сыныптар арасында «Неміс тілін кім жақсы біледі?» атты КВН өткізілді.Бұл КВН-да оқушылар неміс тілінен өз білімдерін көрсетті. 6а мен 6в сынып оқушылары неміс тілі білгірлері екенін дәлелдеді.(неміс тілі мұғалімі Манатова А.К.,Жорова Н.В.) ![]() 18.09.18ж. «Қазақстан туған жерім» атты мерекелік ертеңгілік өткізді, балабақша бүлдіншілер өз өнерін көрсетті. Балалар мерекеге арналған тақпақтарын оқып, әндерін арнады. Әртүрлі ойындар ойнатылды. Қыркүйектің 19-і күнін «Полиглот» атты көп тілді танымдық ойынымен 9а,10а,11а және11в сынып оқушылар арасында қазақ тілі мұғалімі Касенова М.С. бастады. Оқушылар өздерінің көп тілді білгірлері кекенің дәлелдеп сайысқа белсенді қатысты, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шаралардың аяқталуы 5-11сыныптар арасында ата-аналардың белсенді қатысуымен өткізілген жабылды. Оқушылар тиянақты дайындалған, кешті өткізуге жауапкершілікпен қарап, бар ықыластарымен ат салысты. |