2018 жылғы 8-қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-да «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Астана қаласы Білім басқармасының «Жас Ұлан» оқушылардың қалалық өзін-өзі басқару Кеңесінің Қала Көшбасшыларының сайлауы өтті. Сайлауға өзін-өзі ұсынған және мектеп директорларының ұсыныс хаты негізінде ұсынылған кандидаттар қатысты.
Қала мектептері арасынан қатысқан үздіктер ашық дауыс беру арқылы тағайындалды. Сайлауда бақ сынаушылар қалалық Ұланбасылар алдында бағдарламаларын қорғап, сұрақтарға жауап берді. Аталмыш сайлауға мектебімізден «Еңбек» бағытының көшбасшысы, 9 «Ә» сынып оқушысы - Тохтар Алуа және «Жеті Жарғы» бағытының көшбасшысы, 9 «Ә» сынып оқушысы - Алимов Алмаз өздерін үміткер ретінде ұсынды.
Дауыс беру нәтижесінде «Жеті Жарғы» бағытының Қала Көшбасшысы болып №84 мектеп-лицейінің 9 «Ә» сынып оқушысы Алимов Алмаз сайланды.
Алдағы уақытта жастар арасында тиімді жұмыс жасап, жоспарлы іс шаралар ұйымдастыратынына сенім артып, болашағынан зор үміт күттірер оқушымыздың қадамы құтты болсын дейміз.