Мерекелік іс-шара «Рахмет, саған Ұстазым!»
5 қазан күні мектебімізде мұғалімдер күніне Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
10-11 сынып оқушылары таңертеңнең 1-ші қабатта мұғалімдерді жақсы көңіл- күймен, шармен, әнмен қарсы алды.
Өзін-өзі басқару күні - оқушыларға арналған қоғамдық, жауапты іс-шара
болғанмен, мұғалімдерге мереке. Сондықтан мектебіміздің Ұланбасы Башмаков Денис өзінің әкімшілігімен осы күнді есте қалатындай етіп өткізуге тырысты.
Іс-шарада мектеп директоры Б. Жаркенов ұжымды мерекемен құттықтап, Білім және ғылым министрлігінен, Білім басқармасынан, «Нұр Отан» ХД Партиясыннан, қалалық «Әділет» кәсіподақ ұйымыннан түскен мадақтамаларды мұғалімдерге табыс етті. Іс-шараға ардагер ұстаздарды шақырып, құрмет көрсетіп, сыйлықтар мен гүл шоғы табыс етілді.
Мектебімізде 10 жылдам астам дәстүрге айналған шараның бірі: жаңадан келген мұғалімдердің өзін – өзі таныстыру кезеңі.
Барлық жаңадан келген 15 мұғалім өздерінің мамандықтарының асқан шебері, білікті ма ман екендіктерін көрсете білді және де «Әділет» кәсіподақ ұйымының атыннан шағын сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік концерт өте жоғары дәрежеде өтті. Өткізілген іс-шара ұстаздардың жадында мәңгілік сақталады.