Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте"

Қыркүйек айының 11-і күні мектебіміздің тіл мамандары: қазақ тілі мамандары Абдрахманова Н.С. мен Шарипова Г.С., орыс тілі мен әдебиеті маманы Дюсембина А.А. және шетел тілі маманы Шарипова А.Е.-ның "Тілдер күні" мерекесіне орай ұйымдастырған"Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте" атты тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.Ашылу барысында оқушыларымыз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тіл туралы баяндама оқыды. Қыркүйек айының 12-ші жұлдызында "Туған жерім-байтақ елім" тақырыбында 5-11 сыныптар арасында суреттер сайысы өтті. Оқушыларымыз тақырыпқа сай үлкен көлемде плакаттар дайындап, оны өз қалауларымен үш тілде қорғап шықты. Сыныптар толығымен барлығы дайындалып келді. 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено