Акция мақсаты – жолдарда болатын балалар жарақатына қоғамның назарын аудару, сондай-ақ балаларды жол қозғалысы ережесін сақтап жүруге үйрету.
«Балалар жол – көлік оқиғасына қарсы» акциясының басталуына байланысты 1-11 сынып оқушыларына лездеме өтті. Лездемеде жас жол қозғалысының инспекторлары қазан айының 02-12 арасында «Балалар жол-көлік оқиғасына қарсы» атты акциясы басталғаны айтып, жоспарымен таныстырды.
Қазан айының 03 жұлдызында жас жол қозғалысы жетекшісі Наурызбаева Айнур Жанузаковна, мектебіміздің жас жол қозғалысы инспекторлары және мектеп инспекторы Закишев Ержан Бериказыұлының ұйымдастыруымен «Балалар жол –көлік оқиғасына қарсы» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында жас жол қозғалысының инспекторлары «жаяу жүргіншілерге арнау» үнпарақтарын таратты. Оның барысында оқушылар өздері де біраз жол қозғалысы ережесінен хабардар болып, өзгелердің жолда болатын қатерлерден сақтануына аз да болса септіктерін тигізді.
«Балалар жол-көлік оқиғасына қарсы» акция аясында мектебімізде 7-10 сынып оқушылары «Жол ережесін сақтаймыз, жол-көлік оқиғасын алдын аламыз» тақырыбында қабырға газеттері мектептің 1 қабатына әзірленді.
«Балалар жол – көлік оқиғасына қарсы» акциясы аясында 1-11 сынып жетекшілері «Сіздің жолаушыңыз – бала», «Үздік автомектеп», «Жүргізуші, менің өмірімді сақта» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
«Балалар жол – көлік оқиғасына қарсы» акциясы аясында 7 «Е» сынып оқушылары ребустар жасап, қабаттарға ілді. Сонымен қатар, акция аясында жас жол қозғалысы инспекторлары 1-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, парақшалар таратты.