Меню KDT

Новости

Главная Новости

Президенттің тапсырмасымен мұғалімдер жалақысының қалай өсетіні белгілі болды

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні туралы айтып берді. "Президенттің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне бөлінетін қосымша қаражат 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысына қосылады. "Педагог статусы туралы" заңнаманың аясында мектеп директорлары мен мектеп директорларының орынбасарларының жалақысын өсіру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, сыныпқа жетекшілік етiп, дәптер тексеретін мұғалімдердің де жалақысын үш есеге өсіру жоспарланып отыр", - деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Вице-министр Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысы 30-50 пайызға өседі. Бірақ олар ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі тиіс екен.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено