Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Ұстазым менің, ұстазым"

Ұстаз-ұлы тұлға!Қайрат орта мектебінде 5-қазан күні "Ұстаздар күні" мерекесіне орай "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Ұстазым менің, ұстазым" атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында Қайрат селолық округінің бас маманы Тегжанова А.С. мен мектеп директорының м.а.  Шарипов Е.С. ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтады. Меркелік концерт барысында "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері ұстаздар қауымына арнап өз шығармашылықтарынан өлең шумақтарын арнады. Оқушылар ән айтып, би биледі. Концерт барысында мектеп директорының м.а. Шарипов Е.С. алғыс хатпен мектебіміздің зейнеткер ұстазы Абдрахманова Н.С. және жас мамандарымыз Исин Р.Қ, Магубаева А.Е., Бағдат Е.А. марапаттады. Мерекелік концерт өте қызықты өтті. 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено