" Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз"
Қайрат орта мектебінде "Рухани Жаңғыру " бағдарламасы аясында "Кітап білім-бұлағы" ішкі бағдарламасы бойынша 9-10 сыныптар аралығында " Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: - ақыл-ой қазынасының мекеніне айналған кітапханада рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың рухани жаңғыру жолында жасап жатқан еңбектерін дәріптеп, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті байланыстыра отырып, мектеп кітапханасы рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдарды қолдап, ұлттың кемелденуіне, дамуына бар күшін салады.Өткізген: мектеп кітапханашысы Шарипова Гүлайым Серікқызы.