№80 мектеп-гимназиясында 12.10.18 жылы сағат 12:00 де ИППП, ВИЧ/СПИД-тің алдын алу үшін «Өз өміріңді сақта» тақырыбында оқушыларға семинар өтілді.
Семинардың негізгі мақсаты – адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі ИППП, ВИЧ/СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтана, қорғана білу туралы жан-жақты түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу басты назарда болып келеді. ИППП, ВИЧ/СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема, ол тек медициналық емес, әлеуметтік проблема екендігі айтылды.
№80 мектеп-гимназиясында молшылығымен келетін «Алтын күз» мерекесіне арналған сайыс өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сайысқа қатысушылардың арасынан күз ханзадасы мен күз ханшайымын анықтау. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Іс-шараны оқушылар көңілді әнмен, бимен қызықтырып, өз шығармашылықтарымен бөлісті. Кеш көңілді бимен жалғасты.